Білім ошақтарын дамытуға басымдық берілуде 

Білім ошақтарын дамытуға басымдық берілуде 
Сурет: Сурет: School.msk.ru

Nur Otan партиясынан сайланған Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының алдында білім беру нысандарын дамыту басымдыққа ие жобалардың тізімінде бірінші тұр. 

2021 жылы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы мен Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру барысында жеке қаржы есебінен 2656 орындық 13 жеке мектеп ашылды. Қарапайым мектептердің ғимаратын жөндеуден өткізіп, оған жалғастыра бөлмелер салу арқылы мектепті аудандағы мәдени, әлеуметтік қоғамдық және спорт орталықтарына айналдыруға болады.

Қалалық мәслихат депутаттары инвесторларға инвестициялық жобаларды қамтамасыз етеді. Осындай жобалардың бастамашылдарына қолдау жасап, әріптес пен инвесторлар іздестіруде зор қолдау көрсетеді. 
Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың бастамасымен шаһарымызда орта мектептерге 11 жалғастыра салынған жапсаржайлардың арқасында мектептер 4600 қосымша орынмен қамтамасыз етілді.  

Мәслихат хатшысы Станислав Канкуровтың айтуынша, жалғастыра салынған құрылыс ең көп дегенде үш қабатты құрайды. Заманауи кең әрі жарық блоктар мектеп аумағында бой көтереді. Осылайша білім ошақтарындағы оқушы орындарының тапшылығын жою көзделген. 

«Жол картасы бағдарламасының аясында 2025 жылға дейін 1274 іс-шара өткізу жоспарланған. 11 айдың ішінде жалпы жоспарлы істің 32,2% (410) орындалды», – деді С.Канкуров.