Білім беру жүйесінде жаңа пән пайда болады

Білім беру жүйесінде жаңа пән пайда болады
Сурет: Аvesta-news.kz

Енді мектеп қабырғаларында домбыра тартуды үйрететін пән пайда болады.

Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Алмагүл Мұхамедханова бұл пәнді алтыншы сыныптан бастап енгізу қажеттігін атап өтті. Қазір оқыту бағдарламасы сараптамадан өтіп, кейін барлық білім беру ұйымдарына жіберілетін болады.

«Ұлттық құндылықтар – өте  маңызды. Біз өз Отанын сүйіп қана қоймай, оған адал, өз халқы мен Отанының идеяларын, құндылықтарын насихаттайтын азаматтарды қалыптастыруымыз керек. Бірақ бұл барлық балалар пәнді тез үйренеді дегенді білдірмейді. Барлығы мектептің дайындығы мен ресурстарына байланысты болады», - деді Алмагүл Мұхамедханова елордада өткен білім беру мәселелері жөніндегі тамыз конференциясында.