БІЛІМДІ ҰЛТ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ

БІЛІМДІ ҰЛТ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ
almaty-akshamy.kz

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ қолдауымен институт базасында Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында ағылшын тілінен сабақ беретін  мұғалімдер үшін форум өткізді.

300-ге тарта педагогтің басын қосқан дәстүрлі тамыз кеңесінің шеңберінде өткен форумға Орталық Азия ағылшын тілі бағдарламалары департаментінің қызметкерлері, Сет Синклер және Гейл Синклер сынды танымал мамандар қатысып, қашықтан оқудан кейінгі кезеңде білім беруге қажетті ресурстармен таныстырып, ұсыныстарын айтты.

Алматы қаласының орта білім беру мекемелерінің үздік мұғалімдері А.Ишангалиева (№200 мектеп), Г.Полтушева (№132 гимназия), З.Молотова (№153 мектеп), В.Шейна (№132 гимназия), Н.Жұмабекова (№133 мектеп), К.Ким (№132 гимназия), О.Леонтьева (SL #165) оқу процесін ұйымдастыру мен басқару бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру, АКТ технологияларын тиімді қолдану, оқу жобаларына ынталандыруды ұйымдастыру жолдары және т.б.

Ынтымақтастық жұмыс аясында СДУ оқытушысы Аббас Бодаубеков ағылшын тілі сабағында мотивацияны қолдаудың жекеленген тәсілдері туралы айтты. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ильдана Халитова «Білім берудің жаңартылған мазмұнының ерекшеліктерін оқыту мен оқудың әдістері: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша таныстырылым жасап, білім беру сапасын арттыруға қатысты ой-тұжырымдарымен бөлісті.