Біз де өз үлесімізді қосамыз

Біз де өз үлесімізді қосамыз

Алматы қалалық актив отырысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаңтардағы қақтығыс кезінде зардап шеккен тұрғындар мен бизнес өкілдері жайлы сөз қозғап кетті.

Мегаполисте орын алған жағдай жастарды да бейжай қалдырмады.  Қазіргі таңда еліміздегі, оның ішінде қаламыздағы күрделі жағдай кезінде, Жетісу ауданы жастар ресурстық орталығының өкілдері жағдайы төмен отбасыларға, жатаханада тұратын студенттерге азық-түлік жеткізіп, көмектесіп жатырмыз. Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратына тазалау жұмыстарын жүргізіп, сенбілікке қатыстық. Осы орайда тәртіпсіздік кезінде сауда орындарына, дүкендерге білместікпен ұрлыққа түскен жастарға айтарым, алған заттарыңызды анонимдік түрде қайтарсаңыздар. "Ұрлық түбі – қорлық" демекші, болашақтарыңызға балта шауып алмаңыздар. Сондай-ақ, бүкіл қазақстандықтарды, соның ішінде алматылықтарды, ауызбіршілік пен түсіністікке шақырамын. Еліміздің еңсесін тезірек тіктеуге баршамыз біріге күш жұмсайық.