Бюджет қаражатын игермеген

Бюджет қаражатын игермеген
Сурет: ашық дереккөз

Меморгандар екі ай ішінде 101 млрд теңге бюджет қаражатын игермеген – Қаржы министрі. Ең көп қаражат игермеген органдар - Ішкi iстер, Қаржы, Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері

Жыл басынан бері екі айда мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн. теңге шамасында, ал республикалық бюджетке 2,5 трлн теңге кіріс түскен. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 95,8%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 96,5%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,6%-ға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 3,4 трлн теңге сомасына шығыс тіркелді. 123 млрд теңге атқарылмаса, оның ішінде 22 млрд теңге үнемделгені, ал, 101 млрд теңгесі игерілмегені», - деді Жамаубаев.

Қаржы министрі сондай-ақ, бюджет қаражатын игермеген меморгандарды да атады.

«Ең көп қаражат игермеген органдар - Ішкi iстер, Қаржы, Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері», - деді ол.