Бұл сайлау несімен ерекше?

Бұл сайлау несімен ерекше?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин сайлаудың ерекшеліктерін атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алдағы сайлаудың басты он ерекшелігі:

  1. 2004 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы);
  2. Үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік туды;
  3. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды;
  4. Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді;
  5. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады;
  6. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды;
  7. Алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген баған сайлау бюллетендеріне енгізіледі;
  8. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді;
  9. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді;
  10. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны төртеу).