Бұл - Отанымыздың келешегі - Мұрат Жұрынов

Бұл - Отанымыздың келешегі  - Мұрат Жұрынов
Сурет: Egemen.kz

Қазақстанда халық мүддесін қолдайтын, үніне құлақ асатын жаңа мемлекеттік жүйе қалыптасады деп ойын білдірген ғалымдар Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов халықты Конституцияның  жаңа баптарын талқылап, ой қосуға шақырды.

«Конституция 3 рет өзгертілген. Бірақ ол кезде референдум болған жоқ. Оны Парламент қабылдады, ал бұл жолы түбегейлі өзгерістер енгізеді. Суперпрезидентік басқарудан  демократиялық басқару жүйесіне өту, Парламент пікірін тыңдау, Үкіменттің оны талапқа сай орындауы, осының бәрі -  Конституцияда бекітілуі керек. Конституцияның  жаңа баптарын талқылап, ой қосуға шақырамын. Бәріміз бір ауыздан қолдайық. Өйткені, бұл - Отанымыздың келешегі», – деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов.