Бұл - қиын-қыстау кезеңде өзінің жетекшілік қабілетін халқына дәлелдей алған тұлға

Бұл  - қиын-қыстау кезеңде өзінің жетекшілік қабілетін  халқына дәлелдей алған тұлға
Сурет: Inform.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 82,5 пайызбен мәреге жетті.

Бұл қиын-қыстаулы кезеңде өзінің жетекшілік қабілет-қарымын халқына дәлелдей алған тұлғаға берген халықтың сенімі. Осылай деген мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Президенттік сайлау бұл жолы аса қиын, күрделі халықаралық жағдай шиелініскен кезде, саяси ахуал Батыс пен Шығыс арасында алмағайып дәуір өтіп жатқан тұста, жаңа Президентімізді сайладық. Таңдап алдық. Қасым-Жомарт Тоқаев 82,5 пайызбен мәреге жетті. Бұл - қиын-қыстаулы кезеңде өзінің жетекшілік қабілет-қарымын халқына дәлелдей алған тұлғаға берген елдің сенімі. Жаңа Президент құтты болсын, ағайын! Бай-қуатты мемлекетті дамыту үшін, жаңа Қазақстанның ауыр жүгін иығына салып, қайыспай көтеруге жазсын дейміз», – деді мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.