Бұл - еркін, әркім өз пікірін айтуға мүмкіндік беретін сайлау – байқаушы

Бұл - еркін, әркім өз пікірін айтуға мүмкіндік беретін сайлау – байқаушы
Сурет: Ашық дереккөз

Парламентке ең лайықты адамдардың сайланғаны маңызды

Бұл жайындағы пікірді Ресей және Беларусь Одағы парламенттік ассамблея миссиясының бақылаушысы Светлана Любецкая айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Біздің миссия Қазақстандағы сайлау науқанына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Бүгінгі таңда миссиямыз - жергілікті өкілді органдар мен Мәжіліс сайлауын бақылауға дайындық үстінде. Миссия өкілдері Астана мен жергілікті өңірлердегі сайлауды бақылауды жоспарлап отыр», - деді Светлана Любецкая.

Байқаушы ОСК тарапынан ұйымдастырылған іс-шаралар тыныш әрі тәртіпті жағдайда өтетінін әрі халықаралық талаптарға сай келетініне үмітте атап өтті. 

«Бұл - еркін, әркім өз пікірін айтуға мүмкіндік беретін сайлау. ОСК өткізіп жатқан іс-шаралар қазақстандықтарға өздерінің сайлау құқықтарын толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», – деді Ресей және Беларусь Одағы парламенттік ассамблея миссиясының бақылаушысы.

Қазақстан Республикасы Парламентімен байланыс жөніндегі депутаттық топтың үйлестірушісі Виктор Селиверстовтың айтуынша, сайлаудың жоғары деңгейде өтуі маңызды.

«Сайлаудың жоғары деңгейде өтуі маңызды. Біз республикада жаңа сайлау формасы, жеті партия, аралас сайлау жүйесі, кандидаттардың көптігін байқап отырмыз. Бүгін бір мандатқа шамамен 15-16 адам құжат тапсырып жатқанын естідік. Бұл ең жоғары бәсекелестік. Әрине, Парламентке ең лайықты адамдардың сайланғаны маңызды», - деді Виктор Селиверстов.

Еске салайық, 18 науыз сағат 00:00 бастап сайлауға дейінгі бір күн тыныштық басталды.