Бүкіләлемдік бокс кеңесінің жаңартылған рейтингінде Жәнібек Әлімханұлы өз орнын сақтап қалды

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің жаңартылған рейтингінде Жәнібек Әлімханұлы өз орнын сақтап қалды Сурет: Inform.kz

Рейтингте қазақстандық боксшылар қандай орындарда?


Бүкіләлемдік бокс кеңесі жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген Жан Кособуцкий бұрынғыдай 19 орынға орналасса, Қамшыбек Қоңқабаев 32 орынға, екінші орта салмақ дәрежесіндегі оғландарымыз Айдос Ербосынұлы 17, Әли Ахмедов 21 орындарға жайғасыпты.


Орта салмақ дәрежесінде топқа түсіп жүрген Жәнібек Әлімханұлы төртінші орнын сақтап қалса, Мейірім Нұрсұлтанов жеті саты жоғарылап, үздік ондықты түйіндеген. Бірінші орта салмақ дәрежесіндегі Садриддин Ахмедов 20 орында тұрса, жартылай орта салмақтағы қазақ елінің үкілі үміті Данияр Елеусінов 23, Талғат Шәйкен 37 орынға табан тіреген.


Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі Батыр Жүкембаев 22 орынға орналасса, Руслан Мадиев 39 орынға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03