Бүгіннен бастап Үшарал-Алматы бағыты бойынша авиабилет сатылады

Бүгіннен бастап Үшарал-Алматы бағыты бойынша авиабилет сатылады
Сурет: Elorda.info

Үшарал әуежайы тексеруден өтіп, пайдалануға берілді.

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ инспекторлары жасанды ұшу-қону жолағы қайта жаңартылған Үшарал әуежайына сертификаттық тексеру жүргізді. Бүгінгі таңда негізгі жұмыс түрлері, оның ішінде ұшу-қону жолағын 2 700 метрге дейін ұзарту және рульдеу жолын кеңейту аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жетісу облысының әкімдігі мердігерлік ұйыммен бірлесіп жоба бойынша қалған жұмыстарды іске асыруды жалғастыруда.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Үшарал әуежайына пайдалануға жарамдылық сертификаты берілді. Бүгін авиакомпаниялар Үшарал – Алматы және Үшарал – Нұр-Сұлтан субсидияланатын бағыттары бойынша авиабилеттерді сатуды бастайды. Рейстерді «SCAT» әуе компаниясы «CRJ2» әуе кемелерінде (сыйымдылығы 50 орындық) жазғы маусымда әр бағыт бойынша аптасына 14 рейс жиілігімен, қалған уақытта 7 рейс орындайтын болады. Билет құны 15 000 және 16 000 теңге. Ұшулар осы жылдың 15 тамызынан басталады, - деп жазылған Комитет хабарламасында.