Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша

Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша Сурет: Akorda.kz

Президент Жолдауы басталды.


Бүгін өтіп жатқан бірлескен отырыста Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бірлескен отырыстың ашылуын Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов жариялады.  Президент оркестрі Мемлекеттік Гимнді орындады.


Президент: «Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік»


«Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық»


«Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым», - деді Қ.Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет