Бүгінгі таңда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы 9 900-ден астам азамат көлік кілтін қолына алған

Бүгінгі таңда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы 9 900-ден астам азамат көлік кілтін қолына алған
Сурет: Egemen.kz

 Автокөлік алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы басталғалы ел тұрғындары тарапынан 31 486 өтініш түскен.

16 тамыздағы дерек бойынша, қазақстандықтардан 31 486 өтініш түсті. Оның ішінде жалпы сомасы 95 278 млрд теңге болатын 12 454 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ал бүгінгі таңда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы 9 923 азамат көлік кілтін қолына алды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, жеңілдетілген лизингпен берілетін ауыл шаруашылығы техникасын алуға 14,6 млрд теңгеге 231 өтініш түскен. Дегенмен, бұл бағдарлама бойынша әзірге мақұлданған және табысталған техника жоқ.

Еске салайық, 1 тамыздан ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы басталған болатын.