Бүгінгі съезде ADAL партиясының AMANAT-қа қосылуы туралы мәселе талқыланады

Бүгінгі съезде ADAL партиясының AMANAT-қа қосылуы туралы мәселе талқыланады
Сурет:Қайрат Қоныспаев

Бұл жиын онлайн форматта өтеді.

Бүгін AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезі болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұдан бұрын партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов  26 сәуірде AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтетінін айтқан.

Жауапты хатшының айтуынша, еліміздің барлық өңірлерінде саяси кеңестердің отырыстары өтіп, оның қорытындысы бойынша кезектен тыс съезде 403 делегат сайланған.

Наурыздың 16-сы күні «Адал» партиясы «АМАНАТқа» қосылу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. «Адалдың» идеялары, әзірлемелері, заманауи технологиялық көзқарастары мемлекет басшысына елеулі тірек бола алатыны атап өтілді.