Бүгінгі саудада доллар арзандады

Бүгінгі саудада доллар арзандады
Сурет: Liter.kz

Мұнай бағасы қымбаттады.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге төмендеп, 453,93 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақытымен 12:00-де төмендеп, 65,56 теңге (-0,36) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,86 теңге, рубль бағамын 5,59 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 452-455 теңге, еуро 498-503 теңге, ресей рублі 5,4-5,6 теңге аралығында сатылып жатыр.

26 сәуірде мұнай қымбаттады. Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері барреліне 0,56%-ға өсіп, 81,05 доллар болды, WTI маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстері 0,67%-ға өсіп, 77,59 доллар болды.