Бүгін үш қалада ауа сапасы бұзылады

Бүгін үш қалада ауа сапасы бұзылады
Сурет: Kaztag.kz

8 мамыр күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазгидромет мәліметінше, жексенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.