Бүгін Үкімет отырысы өтеді

Бүгін Үкімет отырысы өтеді
Сурет: Рrimeminister.kz

Отырыста кешегі жиындағы Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру жайы сөз болады.

Бүгін, 15 шілдеде, сағат 14:30-да Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Күн тәртібінде — Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінен көре аласыздар. 

Сондай-ақ онлайн-трансляция Қазақстан Үкіметі Telegram-каналында жүреді.