Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Даниямен ойнайды

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Даниямен ойнайды
Сурет: Inform.kz

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Дүбірлі додада қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.

Ел құрамасы бүгін, 14 мамырда алғашқы ойынын Данияға қарсы өткізеді. Кездесуді елорда уақытымен 15:10-дп «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ал В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Австрия шеберлік байқасады. 13 мамырда құрамалар алғашқы кездесуін өткізді. Ойын нәтижелері мынадай:

А тобы

Франция - Словакия 2:4

Германия - Канада 3:5

В тобы

АҚШ - Латвия 4:1

Биыл жаһандық дода 85-мәрте жалауын көтерді. Әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі.