Бүгін республика бойынша жел күшейеді

Бүгін республика бойынша жел күшейеді
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 29 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Республиканың басым бөлігі суық солтүстік антициклонының ықпалында болады, онымен бірге ашық әрі аязды ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, оңтүстіктің таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыста тұман түседі деп күтілуде. Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында 30 м/с және одан да жоғары өте күшті жел күтіледі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыстан түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -21-23°С, күндіз -12-14°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -6-8°С, күндіз -1+1°С.

Шымкентте күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (негізінен жаңбыр), тұман. Оңтүстік-батыстан 8-13, түнде екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +6+8°С.