Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдау жолдайды

Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдау жолдайды
Сурет: Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті жолдауын жасайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ.

Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.