Бүгін – Құрлық әскерлері күні

Бүгін – Құрлық әскерлері күні
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

21 сәуірде Қазақстан Құрлық әскерлерінің құрылғанына 29 жыл толды.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Құрлық әскерлері күні атап өтілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарулы Күштердің аталған ауқымды әскер түрі Ел Президентінің Жарлығымен 1993 жылы сәуірде бұрынғы Орта Азия әскери округінің 40-шы жалпы әскери армиясының негізінде құрылған болатын. Қазіргі уақытта Құрлық әскерлерінің құрамына төрт аймақтық қолбасшылық пен Десанттық-шабуылдау әскерлері кіреді. 

«Қазақстан Қарулы Күштерінің негізі саналатын Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы ретінде әскеріміз басты өзгерістер мен қайта құру жолынан өтіп, құрылымы мен күнделікті тіршілік әрекеті қалыптасқан оңтайлы теңгерімге қол жеткізді деп айта аламын», - деді генерал-майор Талғат Қойбақов.

Қарулы Күштердің бұл әскер түрінің негізгі міндеттері – агрессияға тойтарыс беру үшін әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қолдау, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарумен қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, құрлықта мемлекеттік шекараны қорғау, сондай-ақ бітімгершілік міндеттерді орындау.