Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогі өтеді

Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогі өтеді
сурет:lada.kz

Кездесуде елордалық «Астана» мен шымкенттік «Ордабасы» клубтары шеберлік байқасады.

 Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогі өткізіледі, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Суперкубок ойыны елордадағы «Астана Арена» стадионында сағат 15.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған кездесуде былтыр ел чемпионы атанған елордалық «Астана» мен Қазақстан кубогының иегері болған шымкенттік «Ордабасы» клубтары шеберлік байқасады.

Биыл суперкубок ойыны өз тарихында 16-шы мәрте өткізілмек. Қазірге дейін ол еліміздің Алматы («Орталық»), Астана («Астана Арена»), Қостанай («Тобыл Арена») және Түркістан («Түркістан-Арена») қалаларында болды.