Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігі басталады

Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігі басталады
Сурет: Scalassara.com.br

14 команда бақ сынайды. 

Бүгін, 5 наурызда, футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биылғы доп додасында барлығы 14 команда бақ сынайды. Олар екі айналым жүйесі бойынша шеберлік байқасады.

Алғашқы тур ойындары 5 және 6 наурыз күндеріне белгіленген. Бүгін, 5 наурызда, бес команда өзара кездеседі. Доп додасының шымылдығын елорда уақытымен 15.00-де «Ордабасы» (Шымкент) - «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары ойынымен ашылады. Елордадағы ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Одан кейін 16.00-де «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар» (Петропавл) клубтары жасыл алаңға шығады. Сондай-ақ, 17.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» командалары шеберлік байқасады. Аталған кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, 17.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» командалары шеберлік байқасады. Аталған кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 6 наурызда қалған екі ойын болады. Алдымен 15.00-де «Қайрат» (Алматы) мен «Ақтөбе», 17.00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) командалары ойнайды. Бұл күнгі екі ойын да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.