Бүгін еліміздің кейбір аймақтарында үсік жүреді

Бүгін еліміздің  кейбір аймақтарында үсік жүреді
Сурет: Stan.kz

Бүгін, 21 тамызда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі, батысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарына бұршақ жауады. Солтүстік-шығыс желі облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с дейін соғады.

21 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

21 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 18 м/с .

Ал Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түсіп, шығысында жер бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Осы күні Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

21 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысыңда тұман түседі.

23 тамыз күні күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 21-23 тамызда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда - 15-20 м/с, 21-22 тамызда екпіні 23 м/с күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.