Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін еліміздің екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

«2023 жылғы 20 ақпанда Алматы және Ақтау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», - делінген хабарламада.

Қалған қалаларда ауа сапасы нормадан аспайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.