Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа ластанады
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Бүгін Қазақстанның 6 қаласына жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2022 жылғы 28 қарашада Астана, Алматы, Көкшетау, Риддер (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.