Бүгін ел аумағында қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін ел аумағында қар жауып, көктайғақ болады
Сурет: Stan.kz

Қазгидромет синоптиктері 23 қазан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік циклонның әсерінен және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Осыған байланысты жауын-шашын жауады.

Елдің солтүстігінде қатты қар жауады, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады (қар, жаңбыр).

Көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.