Бүгін екі мегаполисте ауа ластанады

Бүгін екі мегаполисте ауа ластанады
Сурет: Liter.kz

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«2022 жылғы 20 тамызда Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.