Бүгін доллар күрт қымбаттады

Бүгін доллар күрт қымбаттады
Сурет: Zakon.kz

Мұнай бағасы біршама төмендеді.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, доллар бағамы 4,82 теңгеге көтеріліп, 445,98 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, Алматы уақытымен 12:00-де 63,63 теңге (+0,51) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 465,6 теңге, рубль бағамын 5,82 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449-454 теңгеден, еуро 474-483 теңгеден, ресей рублі 5,7-6 теңгеден саудаланып жатыр.

10 наурыз, жұма күнгі саудада мұнай бағасы біршама төмендеді. Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 0,58%-ға төмендеп, 81,12 доллар, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 0,79%-ға төмендеп, 75,12 доллар болды.