Бүгін доллар бағасы сәл көтерілді

Бүгін доллар бағасы сәл көтерілді
Сурет: Тeleprogramma.pro

Brent маркалы мұнайдың да бағасы өсті.

KASE-нің ақпараты бойынша доллардың бағамы 0,45 теңгеге көтеріліп, 449,69 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 64,12 теңге (-0,30) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 489,24 теңге, рубль 5,61 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 447,5-450,5 теңге, еуро 488-493 теңге, ресей рублі 5,45-5,7 теңге аралығында сатылып жатыр.

17 мамырда Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері барреліне 0,01%-ға қымбаттап, 74,92 доллар болды, ал WTI маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстері 0,04%-ға арзандап, 70,83 доллар болды.