Бүгін доллар бағасы өсті

Бүгін доллар бағасы өсті
Сурет: Вizmedia.kz

Мұнай бағасы да қайта қалпына келді.

KASE-нің мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,55 теңгеге көтеріліп, 445,29 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша 12:00-де 64,59 теңге болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 488,54 теңге, рубль бағамын 5,58 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447,5 теңгеден, еуро 486-496 теңгеден, ресей рублі 5,5-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.