Бүгін доллар бағасы күрт өсті

Бүгін доллар бағасы күрт өсті
Сурет: Naryk.kz

АҚШ валютасы 2,57 теңгеге көтеріліп, 447,08 теңге болды.

KASE-нің мәліметі бойынша, 30 мамырдағы саудада доллар бағамы күрт өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 62,81 теңге (-0,14) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 476,27 теңге, рубльді 5,56 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444,5-447,5 теңге, еуро 477,5-481,5 теңге, ресей рублі 5,45-5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

30 мамырдағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.