Бүгін доллар бағасы 444,44 теңге болды

Бүгін доллар бағасы 444,44 теңге болды
Сурет: Тengrinews.kz

Әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

24 мамырдағы саудада доллар қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE-нің мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,68 теңгеге көтеріліп, 444,44 теңге болды.

Қытай юанінің орташа бағамы да өсіп, 62,70 теңге (+0,16) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 476,15 теңге, рубль бағамын 5,51 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-448 теңге, еуро 477-484 теңге, ресей рублі 5,5-5,62 теңге аралығында саудаланып жатыр.