Бүгін – Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні

Бүгін – Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні
Сурет: Aikyn.kz

Бұл күн мемлекет қайраткерін еске алу күні ретінде бекітілген.

22 тамыз - совет заманында Қазақстанды ұзақ уақыт басқарған Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден өткен күні, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен бірге биыл Дінмұхамед Қонаевтың туғанына да 110 жыл толды.  

1960-1986 жылдар аралығында Дінмұхамед Қонаев Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы болды. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасынан кейін қысымға алынып, қызметінен кетті. 

1987 жылы маусым айында «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болғанда, республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген айыппен Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің мүшелігінен шығарылды. Өмірінің соңына қарай халықпен еркін араласты. 

«Өтті дәурен осылай», «Ақиқаттан аттауға болмайды» деп аталатын естелік жинақтар жазып қалдырған.