Бүгін де қатты аяз сақталады

Бүгін де қатты аяз сақталады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

«Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қарлы бұрқасын мен қар жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта-желдің күшеюі күтіледі, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында-тұман түседі», — деп жазды ведомстводан.

Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус қатты аяз болады.