Бүгін Бейжіңде төрт жүлде жиынтығы ойнатылады

Бүгін Бейжіңде төрт жүлде жиынтығы ойнатылады
Cурет: Olympic.kz

Спортшыларды алда қандай сындар күтіп тұр?

Қазақстандық спортшылар Ақмаржан Қалмұрзаева мен Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасында фристайлдан медаль үшін бақ сынайды.

Фристайлдан жарыс өтетін Genting қарлы саябағында (ҚХР, Хэбэй провинциясы) жексенбі күні қар көп жауғандықтан, жарыс 14 ақпанға ауыстырылды.

Фристайл-акробатикадан екі жіктік іріктеу мен екі ақтық сын өтеді. Жарысқа 25 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан Ақмаржан Қалмұрзаева мен Жанбота Алдабергенова ел намысын қорғайды.

Чжанцзякоуда «слоупстайлдан» фристайлшылар квалификациясы өтеді. Мұнда үлкен трамплиннен шаңғымен секіруден командалық ерлер жарысының жеңімпазы анықталады.

Яньцин Ұлттық шана-бобслейн орталығында монобобтан алғашқы Олимпиада чемпионы анықталады. Бұл - Бейжіңдегі 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарындағы жаңа дисциплиналардың бірі. Америкалық Кейли Хамфрис көш бастап келеді.

Дүйсенбі күні мәнерлеп сырғанау жарысында «мұзда билеуден» Франция (Габриэлла Пападакис пен Гийом Сизерон), Ресей (Виктория Синицина мен Никита Кацалапов) және АҚШ (Мэдисон Хаббел мен Закари Доньхью) би дуэттері «алтынға» таласады.

Дүйсенбіде әйелдер хоккей турнирінде жартылай финал өтеді.