Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Вaq.kz

Тізімде тағы 5 қала көрсетілген.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

6 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Астана және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.