Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөзі

Сәрсенбі күні Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.