Бүгін Алматыда ауа сапасы бұзылады

Бүгін Алматыда ауа сапасы бұзылады
Сурет: Shkolazhizni.ru

10 мамыр күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 10 мамыр, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы қаласында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.