Бүгін Алматы мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматы мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды
Cурет: Inform.kz

9 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 «Қазгидромет» РМК мәліметінше, бейсенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады. Тек Алматы және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық ахуал күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.