Татулық пен бірлікті нығайту маңызды міндет

Татулық пен бірлікті нығайту маңызды міндет
Суреттерді түсірген - К.Қонысбаев

Бүгін Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысы өтті

Алматы қаласының әкімі, Алматы қаласы ҚХА төрағасы Ерболат Досаевтың қатысуымен Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кеңес жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары А.Қырықбаев, Алматы қаласы ҚХА мүшелері, Алматы қаласы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен белсенділері, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен мүшелері, Аналар кеңесі, Ассамблея жастары, Кәсіпкерлер кеңесі, БАҚ өкілдері қатысты.


Кеңес барысында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің қорытындыларын шығару және «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» стратегиясы шеңберінде алдағы кезеңге арналған перспективалық міндеттер айқындалды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жалпыұлттық татулық пен бірлікті нығайту, бейбітшілікті сақтау жөніндегі маңызды мемлекеттік миссияны атқарады. Қазақстан Президенті, ҚХА Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында Ассамблеяның азаматтық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, ҚХА-ның жаңа болмысында бейбітшілік пен келісім саясатының берік институционалдық тірегі болып қала беретініне сенім білдірді. Қ.Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің үш негізгі басымдығын анықтап берді. Бұл - ҚХА-ның саяси реформаларды іске асырудағы рөлін күшейту, ақпараттық жұмысты күшейту және ҚХА-ның қоғамдық әлеуетін жандандыру және құқық қорғау қызметін күшейту», – деп атап өтті Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен мүшелері.
Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі бағыттары бойынша баяндамалар тыңдалады. Пікірталас кезінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.