Бүгін Алматы, Ақтөбе және Петропавл қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматы, Ақтөбе және Петропавл қалаларында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Izi.TRAVEL.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

10 шілдеде Алматы, Ақтөбе және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Басқа қалалардағы метеоахуал қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде аталған қалалардағы атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.