Бүгін 7 өңірде қатты ыстық болады

Бүгін 7 өңірде қатты ыстық болады
сурет: Turkystan.kz

Алматы облысының солтүстігінде қатты ыстық болжанады 

22 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел күтіледі. Елдің батысы мен шығысында бұршақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. Республиканың тек оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының батысы мен шөлді аудандарында, Жетісу облысының батысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде қатты ыстық болжанады.