Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Egemen.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылғы 25 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай, Өскемен (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі) қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.