Бүгін 4%-тік автонесие беру басталады

Бүгін 4%-тік автонесие беру басталады
Сурет: 24.kz

Несие беруді екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын болады.

16 мамырдан бастап Қазақстан банктері жеңілдетілген автонесие бере бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңге, өңірлердегі автобус паркін жаңартуға шамамен 30 млрд теңге бөлінеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, несие шарты төмендегіше:

сыйақы мөлшерлемесі 4%;

несие сомасы 10 млн теңгеден аспауы керек;

қаржыландыру мерзімі жеті жылдан аспайды;

бастапқы жарна 0%-дан бастап;

көлік құны 15 млн теңгеден аспайды.