Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
Cурет: Egemen.kz

30 сәуірде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады

Қазгидромет мәліметінше, сенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы, Жезқазған және Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. 
Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады. 
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.