Бүгін 333 адам шетелдік көлігін заңдастырды

Бүгін 333 адам шетелдік көлігін заңдастырды
Сурет: Ашық дереккөз

Заңдастырудың бірінші күні 100 адам жаңадан құжат алған болатын.

Ішкі істер министрлігі шетелдік автомобильдерді заңдастырудың екінші күнінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша 5 836 өтінім мақұлданған.

Оның ішінде 333 қазақстандық мемлекеттік нөмір мен техпаспорт алды.

Айта кету керек, ХҚО сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жергілікті жерлерде мамандар өтініш берушілерге кеңес беріп, базалар бойынша құжаттарды тексеріп, әрбір өтінімді жеке қарап жатыр.

Еске сала кетейік, кеше, шетелдік нөмірлі көліктерді заңдастырудың бірінші күнінде, 100 адам жаңадан құжат алған болатын.