Бүгін 12 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 12 қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

6 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше қаласында ғана қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 6 желтоқсан, сейсенбі, күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Астана, Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.