Бүгін 10 қалада жайсыз метеорологияық жағдай қалыптасады

Бүгін 10 қалада жайсыз метеорологияық жағдай қалыптасады
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін еліміздің 10 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

«2023 жылғы 3 ақпанда Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.