Бүгін он қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін он қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

30 қаңтарда Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.